top of page

КІТАПТАР КАТАЛОГЫ

1.png

Нұрдәулетова Б.И., Қайыркен Т.З., Көшімова Б.Ә., Құламанова З.А., Алимхан А.А. 
Қытай және араб-парсы дереккөздеріндегі Орта Азия мен Қазақстанның тарихи топонимиясы. Монография. Алматы: «TURAN» баспасы, 2025. – 244 б.

ISBN 973-601-7564-74-2

Монография Қытай, араб-парсы және өзге Шығыс жазба дереккөздеріндегі Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы көне топонимдерді тарихи-деректанулық тұрғыдан зерттеуге арналған. Еңбекте көне түркілік топонимдердің тарихи-этимологиялық және лингвистикалық сипаты талданып, Жамбыл өңірі мен Шығыс Қазақстанның Абай өңірі, сондай-ақ көршілес Моңғолия мен Қытай аумағындағы топонимдер Ұлы Жібек жолы және тарихи-географиялық сәйкестендіру контексінде қарастырылады.
Монография тарих, деректану, тарихи география, түркология және шығыстану салаларындағы ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, өлкетанушыларға арналған.

4.png

Бияров Б.Н. 
Көне түркі топонимдерінің этимологиялық сөздігі. – Алматы: «TURAN» баспасы, 2025. – 288 б.

ISBN 978-601-7564-73-5

Сөздікте көне түркі, орта түркі дәуірлерінде аталатын керуен сарай (рабат); аялдама бекет; ірі сауда орындары бар қала, кент, бекініс, қорған; құдық, суат; өзен, көл атаулары алғаш рет жинақталып, этимологиялық талдау жасалды. Олардың көпшілігі біздің заманымызға жетпей, үйінді, қиранды жұрты ғана қалса, енді біразы күні бүгінге дейін елді мекен қалпын сақтап отыр. Керуен жолдарындағы атаулардың барлығы дерлік тарихи топонимдерге жататындықтан, этимологиясына қоса табылған тарихи деректер де беріліп отырады. 
Сөздік тіл білімі, тарих, география ғылымдары саласында ізденушілерге, сондай-ақ, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, тіліміздің тарихы мен еліміздің өткені қызықтыратын көпшілік қауымға арналады.

Құрастырушылар: Нұрдәулетова Б.И., Низаматдинова Ж.С. Алиаскаров Д.Т., Лайсхан Ш.У., Исаков Е., Жоя Қ.
Тарихи карталардағы түркі топонимдері (карталар каталогы). Алматы: «TURAN» баспасы, 2025. – 80 б.

 

ISBN 978-601-82343-8-5

 

Ұсынылып отырған каталог ерте орта ғасырлардан XIX ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын, Орта Азия мен Қазақстан аумағы бейнеленген жиырмадан астам тарихи карталардың ғылыми жинағы болып табылады. Еңбекте әлемдік деңгейдегі ірі сандық архивтер мен шетелдік кітапхана қорларынан алынған араб, парсы, қытай және еуропалық картографиялық дереккөздер жүйеленіп, олардағы көне түркі топонимдерінің тарихи-лингвистикалық көрінісі зерделенген. Басылым түркі халықтарының тарихи қоныстану аймақтарын, саяси және мәдени ықпалын жер-су атаулары арқылы қайта жаңғыртуды мақсат етеді. Каталог тарихшыларға, географтарға, түркітанушы мамандар мен Отан тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналған.

2-3.png
bottom of page